"Балуандарда жеңіске деген құлшыныс оты жанбады": Дәулет Тұрлыханов олимпиада сынға түскен балуандарға көңілі толмағанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 480.61
  • 534.53
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Балуандарда жеңіске деген құлшыныс оты жанбады": Дәулет Тұрлыханов олимпиада сынға түскен балуандарға көңілі толмағанын айтты

"Балуандарда жеңіске деген құлшыныс оты жанбады": Дәулет Тұрлыханов олимпиада сынға түскен балуандарға көңілі толмағанын айтты

Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері, даңқты балуан Дәулет Тұрлыханов Париж олимпиадасында өнер көрсеткен балуандардан көңілі қалғанын айтты. 

  • 12 Тамыз
  • 13
Фото - Caravan.kz

Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері, даңқты балуан Дәулет Тұрлыханов Париж олимпиадасында өнер көрсеткен балуандардан көңілі қалғанын айтты. 

Бұл туралы  Kazinform  хабарлайды.

Фото: Ашық дереккөзден алынды

Даңқты балуан Дәулет Тұрлыханов олимпиададағы балуандардың көрсеткішіне көңілі толмағанын жеткізді. Оның айтуынша, ел намысын қорғаған спортшылардың жеңіске деген құлшынысы болмады. 

“Шынын айту керек, өз басым қазақ балуандары кемі 2-3 медаль алады деп ойладым. Бірақ, күрестің аты – күрес, олимпиада ойындарына ең мықты деген балуандар ғана келеді. Сондықтан, тек мықтылар ғана жеңіп шығады. Біздің балуандарда жеңіске деген құлшыныс оты жанбады. Демеу бауырымызда ғана көзінде от ойнап тұрды. Жеңіске деген құлшынысы да басқа балуандармен салыстырғанда өзгеше болды. Өзге балуандарымыздың күресіне көңілім толған жоқ», – деді Дәулет Тұрлыханов.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының атынан Париж олимпиадасында күрес түрлерінен 8 балуан сынға түсіп, тек Демеу Жадыраев қана үздіктер қатарынан көрінді.