Жарияланды: 530

БАМ-ның өтініші бойынша 2 телеарнадағы телехикаяларды қаржыландыру мәселесі қосымша талқыланады

БАМ-ның өтініші бойынша 2 телеарнадағы телехикаяларды қаржыландыру мәселесі қосымша талқыланады, деп хабарлайды қаржы вице-министрі Руслан Дәленов.

«БАМ-ның өтініші қаралды. 2 телеарнадағы сериалдардың өндірісі (190 серия) қосымша талқыланады», - деп жазыпты Р.Дәленов жұма күні Twitterге. Бұдан бұрын вице-министр Twitter арқылы хабарлағандай, республикалық бюджеттік комиссияның 22-ші отырысы өтіп жатыр. Күн тәртібінде мемлекеттік органдардың 2011-2014 ж стратегиялық жоспарларына өзгертулер мен толықтырулар енгізу жобаларын және 2012-2014 ж. республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері – президент істері басқармасының, байланыс және ақпарат министрлігінің (БАМ), қоршаған ортаны қорғау министрлігінің (ҚОҚМ), білім және ғылым министрлігінің (БҒМ), көлік және коммуникация министрлігінің бюджеттік өтініштерін қарау болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін