БАМ-ның өтініші бойынша 2 телеарнадағы телехикаяларды қаржыландыру мәселесі қосымша талқыланады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БАМ-ның өтініші бойынша 2 телеарнадағы телехикаяларды қаржыландыру мәселесі қосымша талқыланады

БАМ-ның өтініші бойынша 2 телеарнадағы телехикаяларды қаржыландыру мәселесі қосымша талқыланады

БАМ-ның өтініші бойынша 2 телеарнадағы телехикаяларды қаржыландыру мәселесі қосымша талқыланады, деп хабарлайды қаржы вице-министрі Руслан Дәленов.

  • 15 Шiлде 2011
  • 515
Фото - Caravan.kz

«БАМ-ның өтініші қаралды. 2 телеарнадағы сериалдардың өндірісі (190 серия) қосымша талқыланады», — деп жазыпты Р.Дәленов жұма күні Twitterге.

Бұдан бұрын вице-министр Twitter арқылы хабарлағандай, республикалық бюджеттік комиссияның 22-ші отырысы өтіп жатыр.

Күн тәртібінде мемлекеттік органдардың 2011-2014 ж стратегиялық жоспарларына өзгертулер мен толықтырулар енгізу жобаларын және 2012-2014 ж. республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері – президент істері басқармасының, байланыс және ақпарат министрлігінің (БАМ), қоршаған ортаны қорғау министрлігінің (ҚОҚМ), білім және ғылым министрлігінің (БҒМ), көлік және коммуникация министрлігінің бюджеттік өтініштерін қарау болды.

Соңғы жаңалықтар