Бангкоктағы лаңкестік құрбандарының саны 20 адамға жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бангкоктағы лаңкестік құрбандарының саны 20 адамға жетті

Бангкоктағы лаңкестік құрбандарының саны 20 адамға жетті

Дүйсенбі күні кешке Бангкокта болған жарылыста қаза тапқандардың саны 20 адамға жетті. Бұл туралы «Эраван» жедел медицина орталығынан хабарлады.

  • 18 Тамыз 2015
  • 334
Фото - Caravan.kz

Таиланд астанасында лаңкестік оқиғадан кейін көлік пен әуежайлардағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді — ұшатын жолаушыларға рейс аттанғаннан 5-6 сағат бұрын шығуға кеңес берілді. Оқиға орны әлі де қоршауда тұр.  Билік шешімімен Бангкокта барлық мектептер жабылды, алайда банктер мен мемлекеттік мекемелер жұмысын тоқтатпады.

Жарылыс дүйсенбі күні жергілікті уақытпен шамамен сағат 19:00 халық көп шоғырланған Ратчапрасонг торабында болды.


Құқық қорғау органдарының ақпаратынша, жарылыс кезінде 120 адам жарақат алды. Ажал құшқан 20 адамның ішінде Қытай және  Филиппиннен келген туристер бар.  

Соңғы жаңалықтар