Таиланд астанасында лаңкестік оқиғадан кейін көлік пен әуежайлардағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді — ұшатын жолаушыларға рейс аттанғаннан 5-6 сағат бұрын шығуға кеңес берілді. Оқиға орны әлі де қоршауда тұр. Билік шешімімен Бангкокта барлық мектептер жабылды, алайда банктер мен мемлекеттік мекемелер жұмысын тоқтатпады.
Жарылыс дүйсенбі күні жергілікті уақытпен шамамен сағат 19:00 халық көп шоғырланған Ратчапрасонг торабында болды.
Құқық қорғау органдарының ақпаратынша, жарылыс кезінде 120 адам жарақат алды. Ажал құшқан 20 адамның ішінде Қытай және Филиппиннен келген туристер бар.