Бангкоктағы жарылыстарға қатысы бар деп ұсталғандар бостандыққа жіберілді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бангкоктағы жарылыстарға қатысы бар деп ұсталғандар бостандыққа жіберілді

Бангкоктағы жарылыстарға қатысы бар деп ұсталғандар бостандыққа жіберілді

Бангкоктағы жарылыстарға қатысы бар деген күдікпен ұсталғандардың бәрі бостандыққа жіберілді. Өйткені олардың дүйсенбіде болған лаңкестік оқиғаға қатысы жоқ болып шыққан.

  • 22 Тамыз 2015
  • 321
Фото - Caravan.kz

Екі ер азамат өздерін тәртіп сақшылары іздестіріп жатқанын теледидардан көріп, өз аяқтарымен полиция бөліміне келіпті. Бақылау камерасына түсіп қалған азаматтардың бірі туристік гид болып жұмыс істесе, екіншісі демалуға келген Қытай азаматы екен. Сонымен қатар алғашқылардың бірі болып құрықталған франциялық жігіт те бостандыққа жіберілген. Қазіргі таңда ол Тайландтан кетіп қалған көрінеді. Күдіктілер әлі іздестіріліп жатқан осы тұста жарылыстан қаза болғандармен қоштасу рәсімі өтті. Олармен қоштасу рәсімі Эраван ғибадатханасында өтті. Естеріңізге сала кетсек, дүйсенбідегі жарылыстан 20 адам көз жұмып, тағы 123-і түрлі жарақат алған еді. 

Соңғы жаңалықтар