Екі ер азамат өздерін тәртіп сақшылары іздестіріп жатқанын теледидардан көріп, өз аяқтарымен полиция бөліміне келіпті. Бақылау камерасына түсіп қалған азаматтардың бірі туристік гид болып жұмыс істесе, екіншісі демалуға келген Қытай азаматы екен. Сонымен қатар алғашқылардың бірі болып құрықталған франциялық жігіт те бостандыққа жіберілген. Қазіргі таңда ол Тайландтан кетіп қалған көрінеді. Күдіктілер әлі іздестіріліп жатқан осы тұста жарылыстан қаза болғандармен қоштасу рәсімі өтті. Олармен қоштасу рәсімі Эраван ғибадатханасында өтті. Естеріңізге сала кетсек, дүйсенбідегі жарылыстан 20 адам көз жұмып, тағы 123-і түрлі жарақат алған еді.