Бангладеш Сыртқы істер министрі Қазақстанға қатысты ой-пікірін білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бангладеш Сыртқы істер министрі Қазақстанға қатысты ой-пікірін білдірді

Бангладеш Сыртқы істер министрі Қазақстанға қатысты ой-пікірін білдірді

25 мамыр күні Дакка қаласында Қазақстан Республикасының елшісі Бақытбек Шабарбаев Бангладеш Халықтық Республикасының сыртқы істер министрі Дилу Монимен кездесті.

  • 27 Мамыр 2011
  • 463
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Қазақстан елшісі сұхбаттасушысына ағымдағы жылдың 28-30 маусым күндері Астанада өтетін Ислам Конференциясы Ұйымы Сыртқы істер министрлерінің 38-ші сессиясына шақыруды табыс ете отырып, оны Қазақстанның алдағы ИКҰ СІМК-ға төрағалық етуде атқаратын қызметінің басым бағыттарымен таныстырды.

Д.Мони аталмыш жиынға шақыру алғаны үшін алғыс білдіріп, алдағы форумға қатысу ниетін растады, сондай-ақ Қазақстанның төрағалық кезіндегі бастамаларына қолдау білдіретіндігін жеткізді.

Министрдің ойынша, Қазақстанның өткен жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі мен 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық етуі біздің елімізге мұсылман әлемі мен Батыс арасындағы диалогты нығайтуға тамаша мүмкіндік береді.

Кездесу барысында Бангладеш СІМ-ға Дакка қаласында ҚР Құрметті консулдығын ашуға көмектесу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар