Банк кассиріне салымшылар есепшотынан 540 мың $ жымқырды деген күдік тағылды - Ақмола облысы
Ақмола облысында коммерциялық банктердің бірінің Атбасар аудандық филиалының кассиріне салымшылардың есепшотынан қомақты қаржы жымқырды деп күдік келтірілді. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне Атбасар ауданының прокуроры Дархан Аманбай мәлімдеді. |
Осы факті бойынша аймақаралық қаржы полициясы басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 177-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Таяуда дереу қызметінен кеткен банк қызметкеріне 2008-2012 жылдар аралығында салымшылардың есепшотынан 66 млн теңге және 100 мың доллардан астам қаржыны жымқырды деп күдік тағылды.
Қазір осыған қатысты тексеру жүргізілуде.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін