Банктер арасында QR-код ортақ болады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Банктер арасында QR-код ортақ болады

Банктер арасында QR-код ортақ болады

Ол не деген сөз?

  • 18 Қараша
  • 8
Фото: modulkassa.ru

Қай банктің мобильді қосымшасын қолдансаңыз да, тауар мен қызметті сатып алу кезінде кәсіпкер ұсынған QR-мен төлеу мүмкіндігі пайда болады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бір банктің QR-ын екінші банктің мобильді қосымшасы оқи береді деген сөз.

Сосын бизнес клиенттен төлем қабылдау үшін әр банктің терминалын алып шығындалмайды.

Қашан көшеміз?

Бірыңғай (ортақ) QR-кодқа 2025 жылы көше бастайтынымызды Ұлттық банк өкілдері бүгін Алматыда өтіп жатқан Қаржыгерлер Конгресінде айтты.

Конгресте жобаны ұсынушы тарап екі банкті өзара байланыстырып, алғашқы транзакцияны да жасап көрді.

Осы күндері Алматыда қоғамдық тамақтандыру орындары көпшілік қолданбайтын банктің терминалын ұсынады. Оның QR-ын мобильді қосымша оқи алмайтын болғандықтан, нөмірге аударуға тура келеді. Ол бір жағынан бизнеске салықтан жалтаруға итермелейді. Сондықтан, бүгінгі жаңалық көп нәрсені өз орнына қоятыны анық.