Банктер арасындағы ортақ QR-кодқа екі банк қана қосылған - kaz.caravan.kz
  • $ 512.44
  • 593.15
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Банктер арасындағы ортақ QR-кодқа екі банк қана қосылған

Банктер арасындағы ортақ QR-кодқа екі банк қана қосылған

Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі – Цифрлық транзакциялар жөніндегі жетекші Бинұр Жаленов банктер арасындағы бірыңғай мобильді аударым жүйесі қашан жұмыс істей бастайтынын айтты.

  • 22 Мамыр
  • 5
Фото: stopfake.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

-Жүйе былтыр әзірленіп, қанатқақты режимде іске қосылған болатын. Бүгінгі таңда банктер кезең-кезеңмен осы жүйеге қосылып жатыр. Ұлттық төлем корпорациясы 9 банкпен келісімшарт бекітті. Ол тоғыз банк – Халық банк, Банк Центр кредит, Freedom bank, РБК, Алтын банк, Береке банк, Forte bank, HomeCredit bank және Nurbank.

Келісімшарттың бекітілуі — осы банктер жүйеге қосылу бағытында белсенді жұмыс істеп жатыр деген сөз.

Маусым айында клиенттер алғашқы бес банктің арасында телефон нөмірі бойынша аударым жасай бастайды деп күтіп отырмыз. Тізімдегі бес банк – Халық банк, Freedom, RBK, Алтын банк және Home Credit. Кейін өзгелері де қосылады, — деді Бинұр Жаленов Ұлттық банкте өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, ол банктер арасындағы QR-төлемдер құралы қолданысқа дайын екенін мәлім етті.

-Freedom bank пен RBK жұмысты аяқтады. Оның сыртында тағы 4 екінші деңгейлі банкпен белсенді жұмыс жүріп жатыр. Жыл аяғына дейін бірнеше банк осы құралды іске қосады деп күтіп отырмыз, — деді Ұлттық банк басшысының кеңесшісі.