Оның айтуынша, бүгінде фермерлер өз өнімінен түскен табысты көре алмай отыр. «Ол ақшаны банктер айналымға салып, пайдаланып жатыр. Ал шаруалар болса, сол ақшаны дотация (қайырымдылық — авт.) ретінде сұрауға мәжбүр. Ол дұрыс емес. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер өз табыстарын көре білуі керек. Соған сай жағдай жасалуы шарт», — дейді В.Косарев.