Банктер клиенттердің келісімінсіз оларға несие рәсімдеп қылмыс жасап жүр - депутат - kaz.caravan.kz
  • $ 518.57
  • 566.59
+11 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Банктер клиенттердің келісімінсіз оларға несие рәсімдеп қылмыс жасап жүр - депутат

Банктер клиенттердің келісімінсіз оларға несие рәсімдеп қылмыс жасап жүр - депутат

Кез келген келісімшарт, банк операциясы азаматтың өзі тарапынан мақұлданып, қол қойылуы керек – қағаз түрінде немесе ЭЦҚ арқылы. Алайда бүгінде банктер бұл талаптарды бұзуда.

  • 3 Сәуiр
  • 13
Фото: yk.news.kz

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов банктер мен цифрландыру министрлігін электронды цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) бақылаусыз беру мен пайдалануға байланысты сынға алды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Оның айтуынша, қазіргі таңда банктер клиенттерінің келісімінсіз, бетін көрмей, биометриялық сәйкестендірусіз ЭЦҚ рәсімдеуде.

«Кез келген келісімшарт, банк операциясы азаматтың өзі тарапынан мақұлданып, қол қойылуы керек – қағаз түрінде немесе ЭЦҚ арқылы. Алайда бүгінде банктер куәландырушы орталықтар құқығын пайдаланып, азаматтардың жеке қатысуынсыз, келісімінсіз және биометриясыз ЭЦҚ беріп отыр», — деді Әбенов.

Мәжілісменнің мәлімдеуінше, бұл – заң талаптарының өрескел бұзылуы. ЭЦҚ шығарылғаны туралы хабарламалар келмейді, оның жасалғаны жүйеде көрсетілмейді.

«Біз бір күнде бір азаматтың атына әртүрлі банктерден ондаған мың несие рәсімделгенін көріп отырмыз. Бұл банктердің өзі ЭЦҚ жасап, келісімшарттарға қол қойып жатыр деген сөз. Бұл – банктердің ішіндегі қылмыстық әрекет», — дейді депутат

Айта кетейік, соңғы уақытта халықты алдап тақырға отырғызатын қаржылық ұйымдар мен алаяқтардың саны артты. Ақшаларынан айырылған, немесе өз атына несие рәсімделгенінен бейхабар қазақстандықтар не істерін білмей дел-сал. Қазіргі таңда алаяқтардың келтірген шығыны  — 41,6 млрд теңге. Оның 24,5 млрд-ы жеке тұлғалардың ақшасы. Олардың тек 5,3 млрд теңгесі ғана қайтарылған. Жағдайды түзету мақсатында депутаттар тиісті ұсыныстар қабылдап, заң аясында шешуді қарастырып келеді. Тиісті заң жобасы қабылданса, бірқатар мәселелер шешіледі деп сендірді депутаттар.