Банктер жалпы алғанда 200 млн. теңгенің шығынына ұшыраған.
Полицияның ақпаратына сәйкес, қылмыстық топ Астана, Ақмола және Қарағанды облыстарының тұрғындары болып табылатын бес адамнан құралған. Олар «қазіргі заманғы компьютерлік техника мен технологияларды пайдалана отырып, сан алуан қаржылық және құқықтық құжаттарды қолдан жасау арқылы Елордасындағы ірі банктерден ақша тонаумен» шұғылданған.
Астананың Сарыарқа аудандық соты қылмыстық топтың жетекшісін 7 жылға, ал басқа мүшелерін 6 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті