Банктердің экономикаға кредиттері бойынша негізгі борыштың жалпы көлемі 2007 жылғы қаңтарда 1,4%-ға ұлғайды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Банктердің экономикаға кредиттері бойынша негізгі борыштың жалпы көлемі 2007 жылғы қаңтарда 1,4%-ға ұлғайды

Банктердің экономикаға кредиттері бойынша негізгі борыштың жалпы көлемі 2007 жылғы қаңтарда 1,4%-ға ұлғайды

АЛМАТЫ. 7-наурыз. Kazakhstan Today. Банктердің экономикаға кредиттері бойынша негізгі борыштың жалпы көлемі 2007 жылғы қаңтарда 2006 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 1,4%-ға ұлғайды және 4803,6 млрд. теңгені құрады.

  • 7 Наурыз 2007
  • 465
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Әнуар Сәйденов бүгін еліміздің қаржы нарығындағы ахуалға арналған баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Ұлттық валютадағы кредиттер бір айда 0,9%-ға ұлғайып, 2483,2 млрд. теңгені құрады, ал шетел валютасындағы кредиттер 2%-ға ұлғайды және 2320,5 млрд. теңгені құрады. Нәтижесінде теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 2006 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 51,9%-дан 51,7%-ға дейін төмендеді.

Ұзақ мерзімді кредиттер 3552,3 млрд. теңгені құрап, 3%-ға өсті, ал қысқа мерзімді кредиттер 1251,3 млрд. теңгені құрап, 2,8%-ға төмендеді. Жиынтығында ұзақ мерзімді кредиттердің үлес салмағы 72,8%-дан 74,0%-ға дейін артты.

Қаңтарда заңды тұлғаларға берілген кредиттер 0,3%-ға ұлғайды және 3205,2 млрд. теңгені құрады, ал жеке тұлғаларға кредиттер 3,8%-ға ұлғайып, 1598,5 млрд. теңгені құрады. Жиынтығында жеке тұлғаларға кредиттердің үлес салмағы 32,5%-дан 33,3%-ға дейін артты.

Банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кредиттері қаңтарда желтоқсандағымен салыстырғанда 2,4%-ға ұлғайып, 882,5 млрд. теңге болды.

Cалалық бөлінуде экономиканың сауда (23,6%), құрылыс (13,6%), өнеркәсіп (10,7%) және ауыл шаруашылығы (4,4%) сияқты салалары барынша белсенді түрде кредиттелуде.

2007 жылғы қаңтарда 2006 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда жеке тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 18,0%-дан 18,7%-ға дейін көтерілді, заңды тұлғаларға кредиттер бойынша 12,2%-дан 12,9%-ға дейін көтерілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті