Жарияланды: 440

Банктердің жиынтық активтері сәуірде 0,7 пайызға өсті

ҚР Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің ресми деректері бойынша 1 мамырдағы жағдай бойынша банктердің жиынтық активтері сәуірде 0,7% өсіп, 12 448,9 млрд.теңге болды.

Жиынтық есептік меншікті капиталы бір айда 3,2%-ға ұлғайып, 1 843,2 млрд. теңгені құрады. Несие қоржыны банкаралық заемдарды қосқанда сәуірде 0,7% өсіп, 9189,0 млрд.теңге болды. ҚР Резиденті еместерінің заемдары несие қоржынының 14,1 % ( 1 299,9 млрд. теңге) құрады. Жыл басында ол 14,8% (1803,3 млрд. теңге) болған еді. 1 мамырдағы жағдай бойынша шетел валютасында берілген заемдар жиынтық несие қоржынның 48,2% немесе 4427,4 млрд. теңге көлемінде болды. Екінші деңгейлі банктердің несие қоржынындағы ҚР Резиденті еместердің заемдары 18 банкте бар. Оның үлесі «Алматы қ. Қытай СӨБ» АҚ-да - 100%, «Шинхан банк Қазақстанда» - 58,9 %, «БТА банкте» - 53,5 %, «Еуразиялық банкте» - 8,9% «Қазкоммерцбанкте» - 8,6 %, «Қазақстан халық банкінде» - 8,2 %, АТФ банкте - 6,7% құрайды. 1 мамырдағы жағдай бойынша банктердің несиелік қоржынының құрылымындағы стандартты несиелердің үлесі 25,5%, күмәнді несиелердің үлесі - 54,0%, үмітсіз несиелердің үлесі - 20,5%. 5 санаттағы күмәнді және үмітсіз заемдарға жататын несиелер сомасы бірыңғай кредиттер бойынша провизияларды ескергенде жиынтық несие қоржынының 32,8% құрады. Төлемдер бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар заемдар банктердің несие қоржынының 26,5% болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть