БАҚ өкілдері арасында С. Бердіқұловты еске алуға арналған шағын футболдан дәстүрлі турнир өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БАҚ өкілдері арасында С. Бердіқұловты еске алуға арналған шағын футболдан дәстүрлі турнир өтеді

БАҚ өкілдері арасында С. Бердіқұловты еске алуға арналған шағын футболдан дәстүрлі турнир өтеді

Қазақстан  Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі осы жылғы 9-10 мамырда Қазақстанның БАҚ өкілдері арасында көрнекті қоғам қайраткері, жазушы  әрі спорт журналисі Сейдахмет  Бердіқұловты еске алуға  арналған шағын футболдан дәстүрлі республикалық турнир өткізеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне

  • 6 Мамыр 2014
  • 520
Фото - Caravan.kz

«Бұл турнир 1995 жылдан бері өтіп  келеді және жыл санап интернет-портал, газеттер, журналдар, радио және  телевизия қызметкерлері арасында оның танымалдылығы арта түсті.  Алдымен С. Бердіқұлов мемориалын Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі ұйымдастырды. 2008 жылдан бастап аталған  жарыстарды Қазақстан Республикасы Туризм  және спорт министрлігі өткізіп келеді. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган 1995 жылдан бастап БАҚ-та спорт тақырыбында маманданған Қазақстан журналистері   арасында С.Бердіқұлов атындағы сыйлыққа республикалық конкурс жариялап, өткізіп жүр.

Бұл турнир дәстүрлі түрде Алматы қаласында С. Бердіқұловтың  туған күнінде 9 мамырда өтетін. Биылғы жылдан бастап  мемориалды Астанада өткізу туралы шешім қабылданды, Себебі орталық БАҚ осында және футболшы  қызметкерлер де осында жұмыс істейді. Сонымен бірге, бұл жарысқа өңірлік басылымдардың өкілдері де қатысады деп күтілуде. Қатысушылардың жағрафиясы жылдан жылға көбейіп келеді.


2014 жылдың турниріне зор үлес қосқандар: «Астана-1964» футбол клубы, Қазақстан футбол федерациясы,  Қазақстан спорттық баспасөзі қауымдастығы, «Астана-Арена» стадионы мен «Ұлттық штаттық командалар және  спорт резерві дирекциясы» РМҚК қолдау көрсетті.

Жарысты ұйымдастырушы — Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі», — деп жазылған хабарламада.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера