БАҚ туралы заң қабылдап, оған қысым жөніндегі баптар қамтыған ТМД елдерінде журналистер арасында ынтымақтастық орнамай отыр - Төтенше журналистика орталығы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БАҚ туралы заң қабылдап, оған қысым жөніндегі баптар қамтыған ТМД елдерінде журналистер арасында ынтымақтастық  орнамай отыр - Төтенше журналистика орталығы

БАҚ туралы заң қабылдап, оған қысым жөніндегі баптар қамтыған ТМД елдерінде журналистер арасында ынтымақтастық орнамай отыр - Төтенше журналистика орталығы

"БАҚ туралы заң қабылдап, оған қысым жөніндегі баптар қамтыған ТМД елдерінде журналистер арасында ынтымақтастық орнамаған, олардың арасында енжарлық басым". Бүгін, 29-наурызда Алматыда өткен баспаөз мәслихатында Мәскеудегі Төтенше журналистика орталығының өкілі Олег Панфилов осындай пікір білдірді.

  • 29 Наурыз 2004
  • 663
Фото - Caravan.kz

О.Панфиловтың пікірінше, «БАҚ туралы заңдар болуы тиіс, және олар билік пен БАҚ арасындағы сансыз дау-дамайды реттеуі қажет».

«ТМД елдерінде қабылданатын жаңа заңдардың жобасын, қалыптасқан дағды бойынша, сол сала мамандары, атап айтсақ, БАҚ өкілдерінің орнына мемлекеттік шенеуніктер жасайды. Соған сәйкес, олар бірінші кезекте баспасөзге емес, өздеріне мамыражай жағдай жасауға тырысатындықтан, соған қызмет ететін заңдарды шығарады. Баспасөзді тырп еткізбей бақылап отыру үшін. Менің ойымша, мұндай жағдай бірінші кезекте шенеуніктердің осындай заң болуын қалағанына байланысты емес, мәселенің түп-төркіні журналистердің керенаулығында жатса керек»,- деді О.Панфилов.
О.Панфиловтың пікірінше, «БАҚ туралы заң ел Конституциясына сәйкес келіп, заңда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы тәрізді халықаралық ұйымдар алдындағы міндеттемелер айқын көрсетілуі тиіс».

Соңғы жаңалықтар