"БАҚ туралы" заң жобасы парламентке жолданды - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-8 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"БАҚ туралы" заң жобасы парламентке жолданды

"БАҚ туралы" заң жобасы парламентке жолданды

"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заң жобасы парламенттің қарауына жолданды. Бұл туралы үкімет қаулысына ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов 26-тамыз, сейсенбіде қол қойды.

  • 27 Тамыз 2003
  • 517
Фото - Caravan.kz

Заң жобасын ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің басқаруымен құрылған жұмыс тобы жасап шығарды. Жұмыс тобының құрамына мемлекеттік мекемелердің, ҚР парламенті депутаттары мен Қазақстан журналистері конгрессінің өкілдері, журналистер одағының басшылары , сондай-ақ, Республикалық тәуелсіз телерадиохабарларын таратушылар Қауымдастығының өкілдері қамтылды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасы 2003-жылдың көктемінде Түркістан қаласында өткен Қазақтан журналистерінің екінші конгрессінде талқыланды. Ол сондай-ақ, еліміздегі саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен
азаматтық қоғамды дамыту және қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған ұсыныстарды дайындау жөніндегі тұрақты кеңестің отырысында да қаралды.
Заң жобасының мәтіні республикалық БАҚ-тарда жарық көреді.