"БАҚ туралы" заң жобасына Қазақстан журналистері конгрессінің нұсқаулары түгелдей дерлік, ал Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы ұсыныстарының тең жартысы қамтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"БАҚ туралы" заң жобасына Қазақстан журналистері конгрессінің нұсқаулары түгелдей дерлік, ал Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы ұсыныстарының тең жартысы қамтылды

"БАҚ туралы" заң жобасына Қазақстан журналистері конгрессінің нұсқаулары түгелдей дерлік, ал Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы ұсыныстарының тең жартысы қамтылды

"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заң жобасы бойынша жұмыстар барысында оны жобалаушылар Қазақстан журналистерінің конгрессі тарапынан ұсынылған нұсқаулардың 90 процентін, қоғамды одан әрі демократияландыру және азаматтық қоғамды дамыту жөнінде ұсыныстар дайындаушы тұрақты кеңестің ұсыныстарының 80 процентін, ал Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы ұсыныстарының тең жартысын құжатқа енгізді. Бұл туралы кеше, 5-ақпанда өткен сенат отырысында ҚР ақпарат министрі Сауытбек Әбдірахманов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 6 Ақпан 2004
  • 666
Фото - Caravan.kz

Министрдің түсініктемесіне жүгінсек, халықаралық ұйымдардың ұсынысы көп жағдайда Қазақстан заңдарына кереғар келгендіктен, «оларды қабылдауға мүмкіндік болмады». Дейтұрғанмен, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының сарапшылары тарапынан талап етілген кейбір нұсқаулар қабылданды,- деді С.Әбдірахманов.

Заң жобасын талқылуға атсалысқаны үшін халықаралық ұйымдарға ризашылық білдірген министр осы орайда, «Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет», сол себепті, заңнамалық базасын өз бетімен жасап шығаруы тиіс», деп атап көрсетті.
С.Әбдірахмановтың мәлімдеуінше, «заң жобасы дәл қазіргі күйінде қоғамдық тыныс-тіршілікті демократияландыруға, Қазақстанда сөз бостандығын дамытуға, билік пен бұқаралық ақпарат құралдары арасында либералды қарым-қатынастар орнатуға» қызмет ететін болады.
ҚР ақпарат министрінің пікірін сенаттың әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Қуаныш Сұлтанов та қолдады. Оның пайымдауынша, «бұл заң жобасында қорқып-үрейленетіндей дәнеңе де жоқ». Сенатор өз сөзінде «жалпы алғанда, заң заман талабына сай келеді» деп атап көрсетті. Дегенмен, «заңды қазіргі қалпында қабылдау нәтижесінде бүкіл кем-кетік бүтінделіп, қайшылықтар жойылады деп айту ертелік етеді. Қандай заң да жетілдіруді қажет етеді»,- деді Қ.Сұлтанов. Сенатордың айтуынша, заң жобасын қараған ол басқаратын комитет «заң жобасын тұжырымдамалық тұрғыда мақұлдап отыр».
ҚР ақпарат министрі С.Әбдірахмановтың айтуынша, заң жобасын талқылау барысында қоғам Бұқаралық ақпарат құралдары атқаратын «айрықша рольді» тағы бір парықтағандай болды. «Өзіміздің қандай күш екенімізге тағы бір көз жеткіздік»,- деді министр.
«БАҚ-тар туралы » заң елімізде талқылана бастағалы бір жылдай уақыт өтті. Құжатты парламент мәжілісі 2003-жылдың 25-желтоқсанында қабылдаған.

Соңғы жаңалықтар