Бұл туралы бүгін Астанада «Қазақстандық заңнаманы сөз бостандығының халықаралық стандарттарына жақындастыру перспективалары» атты конференция барысында ҚР Президентінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев.
«Мен қазақстандық заңнамаға жедел тәртіппен баптарды криминалсыздандыру туралы, жала жабуға және қорлауға қатысты, диффамацияға және басқа да халықаралық стандарттарға сай өзгерістер енгізілуін жақтаймын. Бұл біздің журналистерге айтарлықтай жаңа деңгейге көтерілуге мүмкіндік беретін еді», — деді Е.Ертісбаев.
Сонымен қатар, Президент кеңесшісі аталған мәселенің көптеген жылдар бойы талқылаудан өткенін айтып, енді нақты әрекетке қадам жасайтын кез келгенін атап өтті.
«Біз Қазақстанда 40 мыңға тарта журналистер бар деп жүрміз. Солардың қолдарын жинап, Елбасы мен Парламентке жеткізу керек. Ал мындай жүздеген конференцияны өткізіп отыра беруден түк шықпайды — нақты қадамдар керек. Сосын, біз өзімізге алған міндеттемелерді орындауға тиіспіз», — деді Е. Ертісбаев.
Оның пайымынша, соңғы 5 жылда БАҚ заңнамасын реформалау орнынан қозғалған жоқ. Бұл ретте ол қазақстанда БАҚ-қа қатысты халықаралық нормалар енгізуге қарсылардың да бар екендігін жасырған жоқ.
«Мен соңғы бес жылда БАҚ заңнамасын криминалсыздандыру мен диффамацияға қарсылардың көп екендігін аңғарамын, оның ішінде биліктің жоғары эшелонында да дәл осы мәселені алға жылжытуға мүлдем қарсылар баршылық», — дейді Президент кеңесшісі.