БАҚ туралы заңның рухын өзгерту қажет - В.Рерих - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БАҚ туралы заңның рухын өзгерту қажет - В.Рерих

БАҚ туралы заңның рухын өзгерту қажет - В.Рерих

Бәрі қазір заңды егжей-тегжейлі талқылып, оның әрбір бап, тармақ немесе тармақшалары төңірегінде қызу пікірталас өрбітуде. Ал шын мәнінде заңның рухын түлетіп, "БАҚ туралы" заңның ауанын, оның реңін түбірімен өзгерту керек. Бұл туралы бүгін, 22-сәуірде Алматыда үшінші Еуразиялық МедиаФорумның ашылуында сөз сөйлеген Еуразиялық МедиаФорумды ұйымдастыру комитетінің мүшесі Владимир Рерих пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 22 Сәуiр 2004
  • 430
Фото - Caravan.kz

В.Рерихтың айтуынша, қазіргі заңнан полицейлік пайым-түйсік нышандары көмескі болса да айқын сезіліп тұр. Бұл заңмен азаматтық қоғам емес, полицейлік қоғам тыныс алады. «Сондықтан да бейнебір өкпе қабынуын басынан кешіргендей әрең тыныс алып отырған қазіргі қасаңдықтан арылған кезде ғана заң кең тыныстай бастамақ» ,- дейді ол. Алайда, В.Рерихтың пайымдауынша, «мұндай ахуалға көптеген тар жол, тайғақ кешулер, заңды күштеп таңуға бағытталған талпыныстар мен қарсылықтарды жеңу арқылы ғана жетуге болады».

В.Рерихтың пікірінше, бұл заңның қабылданбай қалуы алға тағы бір адым ілгерілеудің дәлелі, әділеттіліктің жеңісі болмақ. Оның айтуынша, мүлдем жаңаша заң жобасы ұсынылуы мүмкін. «Бұрынғы заң да жаман емес еді деген пікірлер де қылаң беруі мүмкін. Бірақ дәл қазір маңыздысы бұл емес. Қазіргі ең маңыздысы, ұсынылған заң жобасының қабылданбай қалуы болмақ. Бұл бұрын-соңды болмаған құбылыс. Билік алғаш рет қоғам пікірімен санасты»,- деді В.Рерих.

Соңғы жаңалықтар