«БАҚ-тар бүгінде тек азаматтардың ақпарат алу және сөз бостандығы құқығын қамтамасыз ететін ғана емес, сондай-ақ, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты, әлеуметтік тиянақтылық пен дәстүр орнықтылығын қамтамасыз етуші институтқа айналды»,- делінген мәлімдемеде. «Қазақстандық БАҚ-тар ел ішіндегі ахуалды шынайы бағалап, болып жатқан оқиғалар туралы жан-жақты хабарлап отыруды, процесстерді боямасыз бейнелеуді мұрат тұтады».
Алайда, Телерадиохабарларын таратушылардың ұлттық қауымдастығы өкілдерінің пайымдауынша, үкімет ұсынып отырған заң жобасы қазақстандық журналистикаға кері ықпалын тигізіп, бөтен елдердің медиаиндустриясы өкілдерімен қатаң бәсекеге түсуге мәжбүр болып отырған Қазақстандық БАҚ-тардың дамуына түрткі бола алмайды. Осыған байланысты қауымдастық «қазіргі жағдаймен заң жобасындағы көптеген баптармен келісе алмай отырған» БАҚ өкілдерінің пікірін ескере отырып, «БАҚ-тар туралы» заң жобасына сенат тарапынан конструктивті көзқарас ұстануды өтінеді.
Мәлімдемеде атап көрсетілгеніндей, Телерадиохабарларын таратушылардың ұлттық қауымдастығы өкілдері парламенттің «БАҚ туралы» заң жобасын қарау және талқылау жөніндегі жұмыс тобының отырыстарына қатысып, 50-ден астам ұсыныстар мен түзетулер енгізді. Алайда, бұл ұсыныстар мен ескертулер қабылданған жоқ.
Телерадиохабарларын таратушылардың ұлттық қауымдастығы республиканың барлық аймақтарынан 40-тан астам телерадиокомпанияны біріктірген кәсіби қоғамдық ұйым.