"БАҚ туралы " заңның үкіметтік үлгісі қабылданған жағдайда Қазақстан журналистикасы шегініске ұшырайды - Ұлттық телерадиохабарларын таратушылар қауымдастығы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"БАҚ туралы " заңның үкіметтік үлгісі қабылданған жағдайда Қазақстан журналистикасы шегініске ұшырайды - Ұлттық телерадиохабарларын таратушылар қауымдастығы

"БАҚ туралы " заңның үкіметтік үлгісі қабылданған жағдайда Қазақстан журналистикасы шегініске ұшырайды - Ұлттық телерадиохабарларын таратушылар қауымдастығы

Ұлттық телерадиохабарларын таратушылар қауымдастығы парламент депутаттарын "БАҚ туралы " заң жобасын қабылдамауға тағы да үндейді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне аталмыш қауымдастықтан.

  • 4 Наурыз 2004
  • 503
Фото - Caravan.kz

Парламент мәжілісі мен сенат басшылығына арнаған мәлімдемеде Ұлттық телерадиохабарларын таратушылар қауымдастығының мүшелері «БАҚ туралы» заң тек бұқаралық ақпарат құралдарының ғана емес, сонымен бірге азаматтық қоғамның да іс-қызметін реттеуші айрықша маңызды құжаттардың бірі екені айтылған. «БАҚ азаматтардың ақпарат алу құқығы мен сөз бостандығын қамтамасыз етуші ғана емес, сонымен бірге, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің, дәстүрлер мен әлеуметтік қағидалардың нығаюына түрткі болушы институт». «Қазақстандық БАҚ-тар республикада болып жатқан түрлі оқиғалар мен құбылыстарды жұртшылыққа жан-жақты әрі толыққанды хабарлап отыруға талпынады»,- делінген хатта.

Ұлттық телерадиохабарларын таратушылар қауымдастығының пікірінше, «қазір парламентте қаралып жатқан «БАҚ туралы» заң жобасында отандық БАҚ-тарды еліміздегі экономикалық және демократиялық дамумен «жарыса ілгерілеу» мүмкіндігінен айыратын бірқатар шектеулер қамтылған». «Мұндай заңды қабылдау ақпараттық кеңістік аясын тарылта түспек. Ал бұл Қазақстан бағыт түзеген қоғамдағы демократиялық өзгертулер жолын таңдау, нарықтық қатынастарды дамыту және еліміздің дүниежүзілік қауымдастыққа кірігу мақсаттарымен мүлдем қабыспайды». «Мұндай заң Қазақстан журналистикасын шегініске ұшыратып, қазақстандық БАҚ-тардың әлемнің басқа елдеріндегі медиа-индустрия өкілдерімен қатаң бәсекелестік ахуалында одан әрі алға жылжуына түрткі бола алмайды».
Ұлттық телерадиохабарларын таратушылар қауымдастығы парламент депутаттарын «БАҚ туралы » жаңа заң жобасын қабылдамай, қазіргі қолданыстағы заңды өз күшінде қалдыруды сұрайды.
Ұлттық телерадиохабарларын таратушылар қауымдастығы — кәсіби қоғамдық ұйым. Оған еліміздің барлық аймақтарындағы 46 электрондық БАҚ өкілдері біріккен.

Соңғы жаңалықтар