«Мемлекет басшысы ретінде менің Конституциялық кеңестің шешіміне вето қоюға құқығым бар»,- деді президент. Алайда, «проблеманы құқықтық аяда шешу қажеттігін, сондай-ақ, қоғам және журналистер пікірін ескеру негізінде Конституциялық кеңестің шешіміне вето қоймауды ұйғардым»,- деді мемлекет басшысы. Сөйтіп, «БАҚ туралы» жаңа заң қабылданбайды деді Н.Назарбаев.
Мемлекет басшысы жаңа заңды талқылау барысы қоғамда үлкен резонанс туғызғанын МедиаФорумға қатысушылардың есіне салды. «Заң жобасы төңірегінде қоғамда бір-біріне мүлдем кереғар пікірлер айтылды. Бұл біздің қоғамымыздағы демократияның басты бір нышан белгісі деп білемін»,- деді Н.Назарбаев.
Дейтұрғанмен, Елбасы БАҚ туралы заң бойынша атқарған жұмыстары үшін үкімет пен парламентке ризашылық білдірді.