БАҚ туралы жаңа заңның жекелеген ережелері ҚР Ата заңына қайшы деп танылғандықтан заң қабылданбайды - ҚР президенті (толықтырылған нұсқа) - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БАҚ туралы жаңа заңның жекелеген ережелері ҚР Ата заңына қайшы деп танылғандықтан  заң қабылданбайды - ҚР президенті (толықтырылған нұсқа)

БАҚ туралы жаңа заңның жекелеген ережелері ҚР Ата заңына қайшы деп танылғандықтан заң қабылданбайды - ҚР президенті (толықтырылған нұсқа)

ҚР Конституциялық кеңесі "БАҚ туралы" жаңа заңның жекелеген ережелері ҚР Ата заңына қайшы деп таныды. Бұл туралы бүгін, 22-сәуірде Алматыда ашылған үшінші Еуразиялық МедиаФорумда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 22 Сәуiр 2004
  • 827
Фото - Caravan.kz

«Мемлекет басшысы ретінде менің Конституциялық кеңестің шешіміне вето қоюға құқығым бар»,- деді президент. Алайда, «проблеманы құқықтық аяда шешу қажеттігін, сондай-ақ, қоғам және журналистер пікірін ескеру негізінде Конституциялық кеңестің шешіміне вето қоймауды ұйғардым»,- деді мемлекет басшысы. Сөйтіп, «БАҚ туралы» жаңа заң қабылданбайды деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы жаңа заңды талқылау барысы қоғамда үлкен резонанс туғызғанын МедиаФорумға қатысушылардың есіне салды. «Заң жобасы төңірегінде қоғамда бір-біріне мүлдем кереғар пікірлер айтылды. Бұл біздің қоғамымыздағы демократияның басты бір нышан белгісі деп білемін»,- деді Н.Назарбаев.
Дейтұрғанмен, Елбасы БАҚ туралы заң бойынша атқарған жұмыстары үшін үкімет пен парламентке ризашылық білдірді.

Соңғы жаңалықтар