Бұл туралы қазақстандық қыз журналист болып жұмыс істеген түркиялық Kanal 23 арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Қазақстандық қыздың өлімі туралы ақпаратты естіген Элязыг Республикалық халықтық партиясының депутаты Кanal 23 медиа-тобының мүшелерімен кездесті.
«Мұндай жарқын, өмірді сүйетін қыздың жастай қыршыннан қиылғаны өкінішті», — дейді депутат.
Белгілі болғандай, Елдананың достары онымен хабарласа алмағандықтан, үйіне барыпты. Олар маманның көмегімен үйдің есігін бұзып кірген екен. Алайда қыздың еденде жатқан жансыз денесін тапқан. Оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері қыздың қайтыс болғанын айтыпты.
Hurriyet басылымының мәліметінше, марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмаған. Қазіргі уақытта суицид нұсқасы қарастырылып жатыр.
Бүгінде Елдананың денесі Фырат университетінің ауруханасының мәйітханасына жеткізілген. Полицейлер оқиғаға қатысты тергеуді бастады.