"БАҚ-тар туралы " заңның үкіметтік үлгісі қабылданған жағдайда мемлекет телерадиокомпаниялардың редакциялық саясатына араласа бастайды - сарапшы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"БАҚ-тар туралы " заңның үкіметтік үлгісі қабылданған жағдайда мемлекет телерадиокомпаниялардың редакциялық саясатына араласа бастайды - сарапшы

"БАҚ-тар туралы " заңның үкіметтік үлгісі қабылданған жағдайда мемлекет телерадиокомпаниялардың редакциялық саясатына араласа бастайды - сарапшы

"БАҚ-тар туралы " заң жобасының үкіметтік үлгісі қабылданған жағдайда "мемлекет телерадиокомпаниялардың редакциялық саясатына белсене араласа бастайды". Бүгін, 1-желтоқсанда Алматыда өткен "БАҚ-тар туралы" заң жобасына қатысты үшінші бұқаралық тыңдауда "Интерньюс" ұйымының заңгері Сергей Власенко осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Желтоқсан 2003
  • 612
Фото - Caravan.kz

С.Власенконың пікірінше, телерадиокомпаниялардың іс-қызметін реттеуші заңның үкіметтік үлгісінің баптары мемлекетке телерадиокомпанияларға жұмыс шарттарын сырттан таңуға мүмкіндік береді. Атап айтсақ, халықаралық қорлардың заңгерлері заң жобасы баптарының телерадиохабарларын таратуды ұйымдастыру, лицензия беру және оны таратуға қатысты бөлімдерін сын тезіне салып отыр.

Халықаралық «Әділ сөз» қорының заңгері Илиодор Кальсиннің атап көрсетуінше, «қазір телерадиокомпанияларға хабар тарату үшін тоғызға жуық рұқсат алу қажет», соған қарамастан, ҚР «Лицензиялау туралы» заңында телерадиокомпаниялардың іс-қызметіне қатысты баптар қарастырылмаған. Сондай-ақ, И.Кальсиннің айтуынша, «БАҚ-тар туралы » жаңа заңды қолданысқа енгізу нәтижесінде телерадиокомпаниялардан лицензиясын кері қайтарып алу құқығына құзыретті органдар ғана ие болады, ал бұл процесске сот сатылары қатыса алмай қалмақ.
Хабар таратуды ұйымдастыруға қатысты, жалғастырушы антенналарды тек қана осы мақсатта арнайы жобаланған баған-діңгектерде ғана орнату туралы пункттің орындылығы туралы мәселе де заңгерлердің күдігін тудырды. С.Власенконың айтуынша, бұл тәртіпті енгізу арқылы мемлекет «өз қолымен монополия құрғалы отыр», оған себеп, бүгінге дейін мұндай бағандарға тек бір ғана оператор қожайындық жасайды. Бұл сондай-ақ, республиканың шағын қалаларындағы телерадиокомпаниялардың жабылуына апарып соғуы ықтимал, өйткені оларда жаңа тәртіп бойынша хабар таратуға қаржы тапшы.
Тыңдауға қатысушы мәжіліс депутаты Сергей Дьяченко жаңа заңда қолданылатын терминдерге қатысты тағы бір даулы мәселе бойынша заңгерлердің пікірін қолдады. Заңгерлердің пікірінше, жобада мән-мазмұнын глоссарий-сөздікте арнайы көрсетуді талап ететін сөздер көп кездеседі.
Бұқаралық тыңдаулар соңында арнайы нұсқаулар қабылданады деп күтілуде. Олар таяу күндерде парламент депутаттарының қарауына ұсынылмақшы.

Соңғы жаңалықтар