Бақыт Беделхан Ұйғыр ауданы туралы: Ұйғыр үйін сатса, қазаққа сатпайды. Себебі, жерді алып қалу керек! - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бақыт Беделхан Ұйғыр ауданы туралы: Ұйғыр үйін сатса, қазаққа сатпайды. Себебі, жерді алып қалу керек!

Бақыт Беделхан Ұйғыр ауданы туралы: Ұйғыр үйін сатса, қазаққа сатпайды. Себебі, жерді алып қалу керек!

Белгілі ақын-драматург, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Бақыт Беделхан журналист Нартай Аралбайұлына сұхбат беріп, Ұйғыр ауданы туралы өз ойын айтты.

  • 13 Мамыр 2021
  • 1946
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Сұхбат барысында ол жазушылар одағы туралы, дін туралы және ұйғыр халқы туралы өз ойын айтты.

"Қызығы мынада: ұйғыр үйін сатса, қазаққа сатпайды. Себебі, жерді алып қалу керек. Қазақ үйін сатса, екі есе бағасына екі-үш ұйғыр жабылып сатып алады. Бұл – өте қауіпті жағдай. Тепе-теңдікті ұстап тұрған қазақты ығыстыру. Бір жағынан ол ұйғыр халқының пысықтылығы, мықтылығы және ұлтжандығы. Қазақта ұлттық намыс жоқ. Мен ауылдан көшкен біраз азаматтарды білемін "Қара шаңырақ қой, ертең келесің ғой", — десең "Жоқ", дейді. Оны қазақ алмайды, ұйғыр алады", — деді Бақыт Беделхан.

Ақын сондай-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы да өз ойын айтты.


"Елбасы батыр. Оның батырлығы да, азаматтығы да, ақындығы да, батылдығы да бәрі бар адам. Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлылығын уақыт айтады", — деді Бақыт Беделхан.

 

Соңғы жаңалықтар