Бақыт Шадаева: Немереммен бірге қабылдаса тұрмысқа шығуға дайынмын - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бақыт Шадаева: Немереммен бірге қабылдаса тұрмысқа шығуға дайынмын

Бақыт Шадаева: Немереммен бірге қабылдаса тұрмысқа шығуға дайынмын

Бұл туралы КТК арнасының “Инсталайық” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

“Сахнаға оралуға әрекет жасап жатырмын. Көп жылдар бойы баламен отырдым, одан кейін балаларды тәрбиелеп, оқушылармен біраз жұмыс істедім

  • 3 Наурыз 2017
  • 2627
Фото - Caravan.kz

“Сахнаға оралуға әрекет жасап жатырмын. Көп жылдар бойы баламен отырдым, одан кейін балаларды тәрбиелеп, оқушылармен біраз жұмыс істедім. Біраз мұғалім де болдым. Енді өзімнің өнерімді әрі қарай жалғастыруыма дайынмын. 1-2 жылдан кейін 30 жылдық шығармашылық кешім болады”, – дейді Шадаева.

Жасы 50-ге жақындаған әнші жеке өмірі туралы да ағынан жарылып сөйледі. Немерелі болып әже атанса да Шадаева тағы да бір рет тұрмыс құруға қарсы еместігін жеткізді.

“Егер де менің өмірімде кереметтей жігіт пайда болып, екі қызымды, немеремді, туған-туысқандарымның бәрін қабылдаса, одан бөлек, менің өнерімді түсіне білетін болса, әрине дайынмын. Бірақ ондай адамды әлі кездестірген жоқпын”, – деп түсіндірді ол.

Иә, Шадаеваның ер азаматтарға қояр талабы таудай болып шықты. Әнші таңдаған азаматының түр-сымбатына қарайтынын да жасырмады.


“Әдемі, сүйкімді жігіт кімге ұнамайды? Маған да ұнайды. Өзіме ұқсаған жігіт болса, мен қабылдар едім”, – дейді ол.

Әншінің айтуынша, көптеген ер азаматтар оның суық түрінен қашады.

“Негізі жігіттер көп қой, жақындайтын, жақсы сөз айтатын. Адамға үлкен құрметпен қарауға тырысамын. Сондықтан менің ойымша қырындаған адамның өзі байқайды. Өзімді қатты ұстаймын, қатты жақындатпауға тырысамын.

Менің суық түрімді көріп жақындауға қорқады. Бірақ мен өте нәзік жанмын негізінде. Сол нәзіктігімді көрсетіп қалудан қорқамын”, – деп түйіндеді Шадаева.