Бақыт Шадаева жар болатын азаматқа іздеу салды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бақыт Шадаева жар болатын азаматқа іздеу салды

Бақыт Шадаева жар болатын азаматқа іздеу салды

Қазақ шоу-бизнесіндегі бірнеше әнші таяуда тұрмысқа шықса, таң қалмаңыз! Айта кетейік, олар жас бикештер емес, орта жастағы буынның өкілдері. Өйткені, оларға есейген перзенттері рұқсатын берген екен. Қалыңдық атануға қамданған танымалдардың көшін Шадаева Бақыт бастамақ.

  • 18 Мамыр 2018
  • 291
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Осыдан бірнеше жыл бұрын шығармашылығын бір шетке ысырып, бар уақытын қыздарына арнаған Бақыт Шадаеваның, бүгінде кенжесі бойжетіп қалса, тұңғышы тұрмыста. Есейіп, етек-жегін жиған олар, аналарының бір басы екеу болғанын құп көреді.

“Олар қазіргі таңда, одан да артық түсінетін сияқты. Неге десеңіз, өздері жанұялы болып, екі басты болып жатыр. Олар, менің жалғыз жүргенімді көріп, әрине қам жейді ғой. Кішкене қобалжиды. Олар жақсы бір жар болсын деп тілейді. Бірақ, енді жақсы жарды көшеден таба алмайсың. Бұйырғаны болады!” – дейді Бақыт Шадаева.

Бұл тақырып, жақында Мақпал Жүнісованың да жанұясын талқыға түсіпті. Халық әртісінің қызы Мерей, елуді еңсерген анасының жанын түсінер ер-азаматпен бір жастықта қартаюын қалайды.

“Маған қызым рұқсат берді. Осы биыл айтты. Бірақ мен айттым, кешігіп қалдың дедім. Мен де ондай арман жоқ, күйеуге шығатын”, – дейді Мақпал Жүнісова.

Қос некесі сәтсіз аяқталған Шахизаданың да ұлы мен келіні, әншінің алдағы өміріне қатты алаңдаулы көрінеді. Өнер иесінің бақытты жүзін көргісі келетін балалары, оған үшінші мәрте тұрмысқа шығуға рұқсатын беріпті.

“Маған балам айтады: «Анашым, егер сізді алақанына салатын ер-азамат болса, тұрмысқа шықсаңызшы» – деп. Айтады ғой, Құдай беремін десе күйеуді «форточкадан» бере салады деп. Сол, форточканы ашып қойып, жатырмын енді. Мүмкін беріп қалар деп”, – дейді Шахизада.


Бұл өмірде әркімнің бақытты болуға толық хақы бар. Демек, Шахизада ханым ертең қалыңдық атанып, сіз бен бізден сүйінші сұрап, тойға шақырса таң қалмаңыз!

                                                                                                                                                 Ақпарат көзі: Stan.kz