Бақыт Сұлтанов әкім болған несімен ұнайтынын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бақыт Сұлтанов әкім болған несімен ұнайтынын айтты

Бақыт Сұлтанов әкім болған несімен ұнайтынын айтты

Бұрын қаржы министрлігін басқарған жаңа әкім кез келген саясаткер түрлі кезеңнен өтуі керек деп санайды.

  • 18 Қыркүйек 2018
  • 18
Фото - Caravan.kz

Экс-министр Бақыт Сұлтанов Астана әкімі жұмысының жақсы жақтары туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Үкіметтің кезекті отырысынан кейін бір апта бұрын жаңа қызметіне кіріскен экс-министр Бақыт Сұлтанов Астана әкімдігінде жұмыс күні қалай басталатынын айтып берді.

"Жұмыс күнім қаланы аралаудан басталады. Әкім болғанның бір жақсысы — таза ауада көп жүресің. Өйткені елорда тіршілігін қамтамасыз ететін нысандарды аралау керек. Бүгін менің осы қызметке келгеніме бір апта болды. Осы аралықта көлік, қысқа дайындық, жылу беру маусымына дайындық қалай жүріп жатқанын тексеріп шықтым. Аулаларды абаттандыруға қатысты бірқатар мәселені қарастырдық. Қала шетіндегі елді мекендерді назарда ұстаған жөн", — деді елорда әкімі үкімет кулуарында.

Сұлтанов қаланың сыртқы келбетіне әрі қарай да ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.


"Мемлекет басшысы мені қала активіне таныстырған кезде көтерілген маңызды мәселелердің бірі дамудың жаңа моделін қалыптастыру болды. Қаланың сыртқы келбеті дегенде тек әуежайлар мен вокзалдарға емес, елорданың шет жағына, қалаға кіретін тасжолдарға да көңіл бөлінеді", — деді ол.

Журналистер Бақыт Сұлтановтан қандай қызмет көбірек ұнайтынын сұрады.

"Кез келген саясаткер түрлі кезеңнен өтуі керек. Сондықтан мен үшін практикалық жұмыс өте қызық. Алған білімім мен жинаған тәжірибемді қала игілігіне жұмсауға тырысамын", — деп сендірді Сұлтанов.

 

Соңғы жаңалықтар