Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы АқЖайық басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Б.Хаменова мен А.Рысқалиевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы («Бір топ адамның алдын ала сөз байласу арқылы пара алуы») бойынша айып тағылуда.
Еске салайық, Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. Атырау облысының арнайы тергеу соты облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованы үйқамаққа алу туралы шешім шығарды.