Жарияланды: 20

“Бақытты болуға болады. Бүгін. Дәл қазір” - Фариза Төреәлі

“Бақытты болуға болады. Бүгін. Дәл қазір” - Фариза Төреәлі

Танымал блогер, кәсіпкер Фариза Төреәлі жұмысын кейінге қалдыра беретіндерге кеңес айтты.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Блогердің айтуынша, бәрін кейінге қалдыратын адамның өмірі қызықсыз көрінеді. Тіпті бақытты болуды да кейінге шегеріп жүретін адамдар бар екен.

“Әдемі киіну үшін арнайы күнді күтеміз. Бақытты сезіну үшін бір арманың ооындалуы керек міндетті түрде. Тіпті сөредегі кәмпиттерді де қонақтарға сақтап қоямыз. Бір істі бастағың келіп жүргеніне жыл өтті. Бақытты басқа адамнан іздейсің. Саған біреудің назар аударғанын күтесің. Өзіңді жақсы сезіну үшін идеал сәтті күтіп жүрсің. Күтіп жүргеніңе қанша уақыт өтті, есептеші?”, – деп оқырманына сауал тастады Фариза.

Сонымен қатар блогердің пайымдауынша, кейінге қалдыру бақытсыздыққа ұшыратады екен. Оны жасау адамның өзіне байланысты көрінеді.

“Маған “Үнемі әдемі көйлек киіп жүресіз. Ал біз тойға ғана киеміз” деп жазған еді бір оқырманым. Өзіңнің ішкі қалпыңа, көңіл-күйіңе әсер ететін нәрселерді неге басқа күнге қалдырамыз? Не өзгереді? Кейін бастаймын, кейін жасаймын, кейін өзгеремін, кейін жақсы көретінімді айтамын, кейін әдемі болып жүремін. Неге бізге үнемі себеп керек? Бақытты болуға болады. Бүгін. Дәл қазір. Ол бақыт өзгеде емес, сенің ішіңде”, – деп жігерлендірді блогер.

Фото: https://www.instagram.com/farizatoreali/

Еске салайық, Фаризаның ер адамдарға ақыл айтқан жазбасы ел талқысына түсіп, сынға қалғанын жазған едік.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін