Бақытжан Сағынтаев Фиджи Премьер-Министрімен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бақытжан Сағынтаев Фиджи Премьер-Министрімен кездесті

Бақытжан Сағынтаев Фиджи Премьер-Министрімен кездесті

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Астана қаласына үш күндік жұмыс сапарымен келген Фиджи Республикасының Премьер-Министрі Джосайа Вореке Байнимарамамен кездесті, деп хабарлайды primeminister.kz. 

  • 15 Тамыз 2017
  • 244
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында экономика, туризм, ғылым және білім берудің түрлі салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. Елдер арасындағы экспорттық-импорттық операциялардың мүмкін бағыттары қаралды. 

16 тамызда ФР Премьер-Министрі Джосайа Вореке Байнимараманың қатысуымен Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінде Фиджи Республикасының Ұлттық күнінің ашылуы жоспарланған. 


 

Соңғы жаңалықтар