Бақытжан Сағынтаев: Ұлттық қордың игерілмеген қаражаты қайта бөлінеді - kaz.caravan.kz
  • $ 480.55
  • 533.75
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бақытжан Сағынтаев: Ұлттық қордың игерілмеген қаражаты қайта бөлінеді

Бақытжан Сағынтаев: Ұлттық қордың игерілмеген қаражаты қайта бөлінеді

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Ұлттық қор қаражатын игеру мәселелері бойынша селекторлық кеңес өткізді.

  • 21 Шiлде 2016
  • 282
Фото - Caravan.kz

2016 жылы Ұлттық қордан тікелей бюджеттік қаржыландыруға бөлінген мақсатты трансферттер 807,5 млрд теңгені құраған. 1 шілдедегі есеп бойынша бұл сомадан 297 млрд теңге игерілген немесе жылдық жоспардың 37% орындалған, деп жазады Pm.kz.

Жиын барысында Б.Сағынтаев Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлттық қор қаражатын жергілікті және орталық деңгейде игеру қарқынын сынға алғанын атап өтті.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары бірінші жарты жылдықта Ұлттық қор қаражатын көп игермеген аймақтар қатарында Алматы қаласы, Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облыстары бар екенін хабарлады.

Жекелеген бағдарламалар бойынша қаражат игерілмей қалмау үшін Б.Сағынтаев республикалық бюджеттік бағдарламалар жетекшілеріне, әкімдіктерге қаражатты үшінші тоқсаннан төртінші тоқсанға барынша ауыстыруды, сондай-ақ байқау рәсімдерін қыркүйекке дейін аяқтауды тапсырды. Қаражатты толықтай әрі тиімді игеру үшін көш соңындағы аймақтар қаражаты белсенді жүзеге асырылып жатқан жобаларға қайта бөлінеді.


Бұдан бөлек орталық мемлекеттік органдарға, әкімдіктер мен ұлттық холдингтерге Ұлттық қор қаражатын мақсатты әрі тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету тапсырылды.