Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 482.33
  • 557.57
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке кірісті

Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке кірісті

Ол бұған дейін Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі (министр) қызметін атқарды.

  • 1 Ақпан 2024
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алқасының төрағасы қызметіне кірісті, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Комиссияның баспасөз қызметі мәліметінше, 1 ақпанда Санкт-Петербургте 25 желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшылары бекіткен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының жаңа құрамы жұмысқа кірісті.

"Бүгіннен бастап ЕЭК алқасының төрағасы — Қазақстан Республикасының өкілі Бақытжан Сағынтаев", — делінген хабарламада.

Еске салайық, Бақытжан Сағынтаев 2022 жылдың 1 маусымынан бастап Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі (министр) қызметін атқарды.