"Бар жазығы ұлтының қазақ болмауында": Отандық журналист Нариман Құрбановқа үй мен көлік бермеген ауқаттыларды сынады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бар жазығы ұлтының қазақ болмауында": Отандық журналист Нариман Құрбановқа үй мен көлік бермеген ауқаттыларды сынады

"Бар жазығы ұлтының қазақ болмауында": Отандық журналист Нариман Құрбановқа үй мен көлік бермеген ауқаттыларды сынады

Танымал отандық журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбановқа үй мен көлік беруді талап етті.

  • 16 Тамыз
  • 562
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бибігүл Дәулетбекқызы отандық кәсіпкерлерден Нариман Құрбановқа үй мен көлік әперуін сұрады.

«Алып берсеңдерші мына жігітке де! Ақшаларыңды айдаладағы #эскорт қыздарға да миллиондап шашып жатсыңдар ғой.

Қазақтың түбіне жететін: теріс ағым, рушылдық, жершілдік, жемқорлық! Қалталылардың да жүрегінде патриоттық сезім мүлдем жоқ. Бұл Нариман да біздің Қазақ елінің туын аспанда желбіретіп, күміс алды емес пе? Неге енді бөліп-жарасыңдар?! Бар жазығы — ұлтының қазақ болмауында ма?!

Білем, мемлекеттен берілетін қомақты қаражатты. Әйтсе де, бөліп-жармаңдаршы ешкімді. Мәселен, бір топ кішкентай балаларға балмұздақ береді де, сенің балаңа бермесе қандай күйге түсесің?! Үлкендер сендер солай жасайсыңдар, әрине жас буын теріс ағымның жетегіне оп-оңай кетіп қалады.

Миллионерлерді белгілеңіздерші осы постың астына. Кеше ресейлік миллионер Дуров $360 000 бөлді деп жатқан еді ауыл балаларына. Көрдіңіздер ме, кейбіреулер ұлтқа бөлініп жатқанында, сол басқа ұлт біздің балаларымыздың жыртығын жамауда.

Өзбек ағайындылар барлығын бөліп-жармай теңдей берді. Біздікілер бірімен-бірі рушылдыққа салынып дарақылануда. Осыдан кейін Сендер ақыл айтпай-ақ қойыңдаршы, көкебастар!», — деп жазды ол.