Барак Обама АҚШ президенті болып қайта сайланды - kaz.caravan.kz
  • $ 451.38
  • 487.22
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Барак Обама АҚШ президенті болып қайта сайланды

Барак Обама АҚШ президенті болып қайта сайланды

Барак Обама АҚШ президенті болып қайта сайланды. Ақүйдің қазіргі қожайыны, қарсыласы Митт Ромниді соңғы сәтте шаң қақтырып, Құрама Штаттар тарихындағы қатарынан екі мәрте сайланған тұңғыш қара нәсілді президент атанып отыр.

  • 8 Қараша 2012
  • 662
Фото - Caravan.kz


Негізі АҚШ сайлау жүйесіне сәйкес, президент сайлаушылардың емес, сайлау алқасының дауысымен анықталады. Яғни, 583 дауыстан тұратын алқаның қай кандидаты 270-тен астамын жинаса, сол «жеңімпаз» деп танылады. Ал Обама соның 303-інен қолдау тапқан. Митт Ромнидің жинағаны небәрі 203 дауыс. Бір қызығы, Ромниге туған штаты Мичиган тұрғындары да ол күткендей сенім білдіре қоймапты. Ал Обамаға Огайо, Флорида, Вирджиния мен Орегон бастаған оншақты штаттың бүтін халқы дауыс берген. Енді 26-шы желтоқсанға дейін бюллетендер саны есептеліп, АҚШ конгрессіне өткізілуі тиіс. Ал соңғы қорытынды келер жылдың 6-шы қаңтарына белгіленген Вашингтондағы қос палатаның біріккен отырысында ресми жария етілмек.  

Соңғы жаңалықтар