Жарияланды: 490

Барак Обама Конгресспен ымыраға келе алмаса, АҚШ экономикасы құрдымға кетеді

Барак Обама үкіметі алдағы екі апта ішінде мемлекеттік қарызға қатысты Конгресспен ымыраға келе алмаса, АҚШ экономикасы құрдымға кетеді. Қазіргі қолданыстағы заңға сәйкес, Ақ үйдің кредиторлар алдындағы қарызы   14 триллион 300 млрд доллардан аспауы тиіс.

Бірақ борыш бұл межеден мамыр айында асып кетті. Обама әкімшілігі Конгресстен осы лимитті тағы 2 трлн 400млрд-қа көтеруді сұрап отыр. Оған заң шығару органында басым дауысы бар республикашылдар келіскісі жоқ. Олар Обамадан мемлекеттік шығын көлемін барынша қысқартуды талап етуде. Атап айтқанда, әлеуметтік көмектер, медицина мен білім беру саласында. Ал Үкімет тығырықтан шығудың жалғыз жолы байларға салынатын салық мөлшерін ұлғайту деген пікірде. Егер Обама әкімшілігі мен Конгресс мәмлеге келе алмаса, 2 тамыз күні АҚШ экономикасы техникалық дефолтқа ұшырайды. Яғни сыртқы қарыз, ішкі жалпы өнімнен асып кетеді. Бұл АҚШ қазынасында көк тиын қалмайды деген сөз. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін