Барахолкадағы аяқ-киім сататын базарға шабуыл жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Барахолкадағы аяқ-киім сататын базарға шабуыл жасалды

Барахолкадағы аяқ-киім сататын базарға шабуыл жасалды

Алматыда кезекті базар дауы! Бұл жолы әйгілі барахолкадағы аяқ-киім сататын базарға әлдебіреулер шабуыл жасаған. Түн ортасында трактормен келгендер пайдалануға дайын тұрған бірнеше контейнерді қиратып кетіпті. Сауда орнының басшылығы бұған жергілікті әкімдікті кінәлап отыр.

  • 20 Қараша 2012
  • 445
Фото - Caravan.kz

Ұлыгер сауда орталығы күзетшілерінің тынышын кеше түнде трактор дауысы бұзыпты. Айтуларынша, әлдебіреулер ауыр техникамен келіп дүңгіршектерді шетінен қопара бастаған.

Бақберген Өмірбеков, күзетші:

Тарсылдағаннан шықтым. Жүгіріп келсем трактор бұзып жатыр екен. Жігіттер не болды деп едім қолымды бұрады да ары қарай алып кетті. Жігітім кетіп отыр, әйтпесе өлтіріп көміп тастаймыз деді.

Күзетшілер полиция шақыртам дегенше бұзақылар бас сауғалап үлгеріпті. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары тек трактор иесінің қолына кісен салған.

Әзімбай Даулетбаев, күзетші:

Тракторшыдан сұрадық , аға неге бұлай істедіңіз деп едік. Мен Жаңабай Романұлының үкімін орындаймын деді.

Ал Жаңабай Романұлы Алатау ауданы әкімінің орынбасары көрінеді. Жау алыстан келмеді деген саудагер бар бәлені сол әкімдіктегілерден көріп отыр. Бұған дейін заңсыз базарды сүреміз деп бірнеше рет техникасын сүйреп те келген екен олар.

Аякөз Иманова, саудагер:

Дәу трактор келді. Бұзамыз деді. Біз алдына тұрып алдық бұзғызбай. Күн жауын кешкі сағат 7-ге дейін жүрді. Ал енді бір апта өткенде мынадай болып тұр.

Десе де шу шыққан жерге дереу жеткен әкімдік қызметкерлері мұның барлығын жоққа шығарды.   

Рүстем Кетпенбаев,Алатау ауданы кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бас маманы:

— Біз өз нұсқамызды айту үшін келіп тұрмыз. Әкімдіктің базарды сүруге ешқандай құқығы жоқ. Арнайы органдар айналысады онымен.

Ұлыгер базарының құрылысы осыдан екі жыл бұрын басталған. Биыл мамыр айында 80 дүңгіршегі пайдалануға беріліпті. Базар басшысы бұл әлеуметтік жанжал туғызу үшін істеліп отырған дүние дейді. 15 бутигінің быт-шыты шыққан қожайын, қарақшылар келтірген шығын көлемін 50 мың долларға бағалап отыр. Сондықтан прокуратураға шағым түсіріп, кінәлілерді жазалауды талап етті. 

Екі түйе сүйкенсе ортасында шыбын өледі. Ұлыгер базарындағы бүгінгі жағдайды осылай суреттеуге болады. Ақ жағалылардың ұлтарақтай жерге қырқысуынан қарапайым халық зардап шегуде. Олар егер әкімдіктегілер жақын уақытта қираған дүңгіршектерді қалпына келтірмесе, саудагерлер толқытай жиналып, базардың жолын жауып тастаймыз деп отыр.

Соңғы жаңалықтар