Барахолканың “Сәлем” базары өртенді - kaz.caravan.kz
  • $ 510.81
  • 578.59
+19 °C
Алматы
2025 Жыл
2 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Барахолканың “Сәлем” базары өртенді

Барахолканың “Сәлем” базары өртенді

Алматыда барахолка атымен белгілі базарда өрт шықты. Тілсіз жау сауда орындары жабылып, адам аяғы басылған кезде басталғандықтан зардап шеккендер жоқ. Бірақ 114 өрт сөндіруші базар қоймаларының бірінде тұтанған жалынды ауыздықтау үшін біраз әуреге түсті. 

  • 26 Шiлде 2011
  • 544
Фото - Caravan.kz


Сенбі күні кешкі 8-дер шамасында тұтанған қызыл жалын, әп-сәтте тұрмыстық техника сақталған қойма мен бірнеше контейнерді күлге айналдырған. Тілсіз жау 2 сағаттың ішінде ауыздықталды. Бірақ сол уақыт ішінде 1500 шаршы метр аумақты шарпып үлгірген. Соңғы рет ең ірі базардағы өрт 2005 жылы болған еді. Ол кезде киім сататын “Ақжар”, “Жаркент”, “Аягөз” және “Олжа” базары түгел жанып кеткен. Ал төтенше жағдайлар қызметі, осы “барахолкада” өрт сөндіру былай тұрсын, құтқару жұмыстарын жүргізу өте қиын екенін қанша жылдан бері айтса да, ешқандай шара қолданылмай келеді. Мұнда таңның атысынан кештің батысына дейін көлік түгілі, адам аяғын алып жүру қиын.