Бәрі Тиктоктан басталды :Блогер оқушылар арасында "одноразка" дейтін электронды темекінің тарап бара жатқанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бәрі Тиктоктан басталды :Блогер оқушылар арасында "одноразка" дейтін электронды темекінің тарап бара жатқанын айтты

Бәрі Тиктоктан басталды :Блогер оқушылар арасында "одноразка" дейтін электронды темекінің тарап бара жатқанын айтты

Блогер Бауыржан Балғабай өз инстаграм парақшасына мектеп оқушыларының өзара "одноразка" деп аталатын электронды темекі тартқанына наразылық білдірді.

  • 13 Қазан 2021
  • 141
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Блогердің айтуынша, мектеп жасындағы қыздардың аузынан түтін шығап бара жатқанын байқап, соңынан зерттеп көріпті. 

Сонымен қатар, блогер оқушылардың пікірімен бөлісті : «Бұндай одноразка қазір екінің бірінде жүреді», «Өткенде 13-14 жасар ұлдар кезек-кезек шеккенін көргенмін», «Бізде 9 класс қыздары шегеді», «Әжетханаға әдейі осыны шегу үшін сұранады».

Ата-аналар балалардың сөмкелерінен электронды темекіні тауып, оны маркер немесе флешка деп санайды екен.

«Жаңатаста электонды темекіні сататын орындарға бардық, білдік, сұрастырдық.  18-ге толмаған балаларға бұны сатуға болмайтынын айттық, өздері де біледі екен. Бұл бойынша жұмыстарды қоғам болып күшейту қажет. Полиция қызметкерлері сатылымын тоқтатып, мектепте іс-шараларды күшейту керек» — деді Бауыржан Балғабай.

Оның айтуы бойынша, электронды темекі Тик-токтан шықты. Өйткені бұл желіде электронды темекімен байланысты көптеген трендтер, видеолар өте көп.

«Жалпы айтарым, ата-аналар, үйдегі қыздарыңызға, ұлдарыңызға мұқият қараңыздар. Мектеп басшылары, полиция қызметкерлері, жұмысты күшейту қажет. Бұл үлкен проблема. Бәріміз бұл проблеманы бәріміз бірігіп шешуге тиістіміз. Көшеде дәл осындай электронды темекіні шегіп жүрген қыздар мен ұлдарды көрсеңіздер, тоқтатып, қолындағы темекіні алып қояйық» — деп қорытындыларды блогер.

 

 

Соңғы жаңалықтар