"Бәрі жақсы, уайымдамаңыздар": Бір жыл бойы пәтерін ала алмай жүрген қазақ балуаны сүйінші жаңалығымен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бәрі жақсы, уайымдамаңыздар": Бір жыл бойы пәтерін ала алмай жүрген қазақ балуаны сүйінші жаңалығымен бөлісті

"Бәрі жақсы, уайымдамаңыздар": Бір жыл бойы пәтерін ала алмай жүрген қазақ балуаны сүйінші жаңалығымен бөлісті

Спорт журналисі Аслан Қаженов еркін күрестен әлем чемпионы Нұрқожа Қайпановтың бір жыл бойы ала алмай жүрген пәтерін алатынын мәлімдеді.

  • 25 Қараша
  • 17
Instagram/Аслан Қаженов

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Журналист спортшының қуанышты жаңалығымен желідегі парақшасында бөлісті.

«Еркін күрестен әлем чемпионы Нұрқожа Қайпанов бір жыл бойы күткен пәтерін алатын болды. Ол жөнінде палуанның өзі мәлімдеді. Айта кетейік, жауапты федерация былтыр сертификатты табыстап, баспананың өзін әлі күнге дейін бермеді», — деп жазды ол.

«Кешегі әлеуметтік желідегі барша аға-апаларымыз, бәрі жазып жатыр. Бәрі мені уайымдап жатыр. Пәтер осы жылдың соңында берілетін болды. Ол пәтер жылдың соңында бітеді.

Федерация мән-жайды айтып түсіндірді. Бәрі жақсы, уайымдамаңыздар», — деді спортшы.

Перейти к новостям спорта