Бәрібір де ағылшын тілінен құтыла алмаймыз – Дариға Назарбаева - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бәрібір де ағылшын тілінен құтыла алмаймыз – Дариға Назарбаева

Бәрібір де ағылшын тілінен құтыла алмаймыз – Дариға Назарбаева

 

  • 22 Тамыз 2016
  • 485
Фото - Caravan.kz


Көптілділік көп елде қалыпты жағдайға айналған, дейді премьер-министрдің орынбасары Дариға Назарбаева «Караван» газетіне берген эксклюзивті сұхбатында. Ол туризмді дамытуды және инвестиция тартуды мақсат еткен мемлекеттердің осы жолға баяғыда түскенін алға тартқан.

«Бұл тіршілік жасауға, өсіп-өркендеуге аса қажет. Ал әлгі адамдар (көптілділікке күмәнмен қарайтындар – ред.) шынайы өмірден алшақтап кеткен. Біз өзіміздегі жағдайға байланысты көптілділікті ұстанып отырмыз. Сондықтан қалыптасып қалған өкпе-реніш пен үрейден арылуымыз керек. Жұртты қандай да бір тілде сөйлеуге мәжбүрлеуге болмайды. Оларды тек ынталандырып отырған жөн. Оны (қазақ тілін – ред.) сақтап, оған деген сұранысты арттырып, жеңіл меңгерілетіндей ету керек… Бәрібір де ағылшын тілінен құтыла алмаймыз» дейді Д.Назарбаева.

Соңғы жаңалықтар