Естеріңізден болса, блогер көпшілікке қиындыққа толы өмірі мен одан шығу жолын айтып, елге танылған болатын, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Блогер қазіргі жай-күйімен желідегі парақшасында бөлісті.
«Мен неге инстаграмға шықпай кеттім… Сіздерге бәрін айтар уақыт келді.
Соңғы уақытта инстаграмнан, жұмыстан, тіпті мына қоғамдық өмірден алыстап кеттім. Қаншама сынақты жеңген Қалдықыз, енді ғана міне жақсы болды-ау, бәрі дегенде, тағы да сыналып жатырмын, денсаулықпен…
Жағдайымнан хабардар жақындарым мен таныстарыма, күн сайын хабарласып, сағынышын білдіріп жатқан достарыма алғысым шексіз. Мен өмірімдегі ең ауыр ТАҒЫ БІР күрестің біріне тап болдым. Бұл жолы қарыз үшін емес, отбасым үшін емес… ӨЗ ӨМІРІМ ҮШІН күресіп жатырмын.
Аурухана төсегінде өмірдің басқа беті ашылады екен…Бұрын мен кеңес беріп, қолдап жүрсем,ал
қазір өзім қолдауға зәрумін. Денсаулық – ең қымбат дүние екенін енді шын түсіндім.
Бұл – менің әлсіздігім емес. Бұл – өмірдің мен үшін тағы бір сабағы. Мен бұдан да өтемін. Тағы да бар күшіммен, жүрегіммен, сеніммен, ең әуелі Жаратқанның қолдауымен.
Осыған дейін, мені қолдаған халқыма, оқырмандарыма мен айтуым тиіс деп, алдарыңызға шықтым. Енді сіздермен бірге қайта инстаграм әлемінде байланыста боламыз деп сенемін. Сіздердің жылы сөздеріңіз, ақ тілектеріңіз– мен үшін қазір бәрінен қымбат. Егер дұғаңызға қосып, менің тілеуімді Алладан тілесеңіз, сізге Алла разы болсын!», — деп жазды ол.