Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Назым Қаһарман бұл туралы ойын Instagram желісіндегі Stories бөлімінде айтты.
Алдымег ол оқырмандардың балаларының ата-әжесімен араласатыны жайлы сұраққа жауап берді. Айтуынша, енді оның балалары ата-әжелерімен араласпайтын көрінеді.
Кейін оның тағы бір оқырманы «Қайтсе солардың қаны ғой, араластырыңыз, бұлай артық кетпеңіз, оларды да аяңыз» деген сауалына жауап берді.
«Иә, ата-әжесіне обал болды, оларды шынымен де аяймын. Бірақ менің балаларымның денсаулығы мен психикасы аяушылық сезімінен де жоғары тұрады екен, сондықтан осындай шешімге келдім» деп жауап берді ол.