"Бәрінен кешірім сұраймын": Бишімбаев сотында Байжанов марқұм Нүкенованы құтқара алмағандығына өкініп, соңғы сөзін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бәрінен кешірім сұраймын": Бишімбаев сотында Байжанов марқұм Нүкенованы құтқара алмағандығына өкініп, соңғы сөзін айтты

"Бәрінен кешірім сұраймын": Бишімбаев сотында Байжанов марқұм Нүкенованы құтқара алмағандығына өкініп, соңғы сөзін айтты

Астанада Бишімбаев ісіне қатысты сот отырысы әлі де жалғасып жатыр.

  • 11 Сәуiр
  • 52
Фото - Caravan.kz

Бүгінгі сот отырысында Қуандық Бишімбаевтың немере ағасы Бақытжан Байжанов сөз сөйледі, деп хабарлайды Stan.kz-ке сілтеме жасаған Caravan.kz медиа порталы.

Байжанов өз әрекетінде немесе әрекетсіздігінде қылмыс құрамы бар-жоғын білмейтінін жеткізді.

“Бірақ егер мені кінәлі деп санасаңыздар мен жазамды алуға дайынмын. Менің Салтанатты құтқаруым керек еді. Салтанаттың отбасы мен туған-туыстарынан, ата-анасынан, Айтымнан және осы қайғылы оқиғадан зардап шеккендердің барлығынан шын жүректен кешірім сұраймын», – деді Байжанов. 

Сондай-ақ ол сот процесінде Бишімбаевтың мінезін де баяндады. 

“Кенеттен маған немесе кез келген мейрамхана қызметкеріне айқайлауы мүмкін”, – деді Байжанов. 

Айта кетейік, бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды.