Баритон Сүндет Байғожин үшін Еуропаға жол ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баритон Сүндет Байғожин үшін Еуропаға жол ашылды

Баритон Сүндет Байғожин үшін Еуропаға жол ашылды

 «Астана Опера» театрының жетекші солисті Сүндет Байғожин 11 қарашада алғаш рет Верона қаласындағы (Италия) Filarmonico театрында, Дж. Пуччинидің «Богема» операсында бас партияда ойнайды.

  • 7 Қараша 2014
  • 611
Фото - Caravan.kz


Кассадағы билеттер әлдеқашан сатылып кеткен, деп хабарлады театрдың баспасөз қызметінен. 

Бүгінде әнші белгілі итальяндық дирижер Ядер Биньяминимен қызу дайындық жүргізіп жатыр. 

«Бұл мен үшін өте маңызды қойылым, себебі бұдан ары қарайғы еуропалық мансабым осы жерде қалай өнер көрсеткеніме байланысты. Мен «Астана Опера» театры атынан тек «Богема» операсында ғана емес, сонымен қатар алдағы жылдың 14 сәуірінде осы сахнада қойылатын Джоаккино Россинидің «Севильдік шаштараз» операсында да ойнаймын», — дейді жетекші солист. 

Айта кетейік, баритон Сүндет Байғожин өткен жылдың 10 қарашасында Арена ди Верона қоры (Италия) өткізген конкурста жеңіске жетіп, беделді итальяндық Filarmonico театрында өнер көрсету мүмкіндігін иеленген. 

Перейти к новостям спорта