Барлық «Алтын белгі» иегерлері жаңа оқу жылында грантқа ие болады - А. Сәрінжіпов - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Барлық «Алтын белгі» иегерлері жаңа оқу жылында грантқа ие болады - А. Сәрінжіпов

Барлық «Алтын белгі» иегерлері жаңа оқу жылында грантқа ие болады - А. Сәрінжіпов

Барлық «Алтын белгі» иегерлері жаңа оқу жылында грантқа ие болады.

  • 19 Тамыз 2015
  • 511
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың 2015-2016 жаңа оқу жылының қарсаңында еліміздің білім беру жүйесінің қызметкерлерімен кездесуі алдында Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.

«Барлық жоғары оқу орындары оқу жылын бастауға дайын. 25 тамызға дейін құжат қабылдау жүргізіледі. Ағымдағы жылы 30 мыңнан астам грант бөлінді, конкурстар өтті және 25 тамызда бұйрыққа қол қойылады. Биыл бізде ҰБТ нәтижесі еліміз бойынша өткен жылға қарағанда жоғары болды. Шекті балл деңгейін еңсерген балалардың қатары да артып отыр. Бізде 2 мыңнан астам «Алтын белгі» иегері грант алды. Мемлекеттік тапсырыс аз орналастырылған мамандықтарды таңдап, мемлекеттік грантқа іліге алмаған «Алтын белгі» иегерлерінің барлығы да грантпен қамтамасыз етіледі немесе кәсіпорындардың демеушілік көмегімен оқуға қабылданады. Сондықтан оқу жылы басында барлық «Алтын белгі» иегерлері грант алатын болады», — деді А.Сәрінжіпов.

Сонымен қатар министр ертең Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өтіп, онда оқу жылына дайындық бойынша толық статистика жария етіледі.  Мұнан бөлек, дәл осы мәселеге орай сенбі күні Үкімет отырысы өтеді. 


Айта кетейік, биыл 39 «Алтын белгі» иегері мемлекеттік грантқа ілікпей қалған болатын. 

Соңғы жаңалықтар